16 Қар 2023
Жаңалықтар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

2023жылы 3 қараша айында «Докучаев жалпы білім беретін мектебінің» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған«Алтын тұғыр»  математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Олимпиадаға Науырзым ауданынан 41 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. «Білім негізі-бастауышта» демекші бастауыш сынып мұғалімдері өз білімдерін сынап,олимпиада тапсырмаларын 60 минуттың ішінде орындады. «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебі орталығының  ұстаздары  бір апталық тегін сабақтар ұйымдастырды. «Жұзден жүйрік  мыңнан тұлпар» демекші,аудандық кезеңнен жоғары ұпай жинаған 8 мүғалім облыстық кезеңге  жолдама алды. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімдері: Бекенова Жанат Тулемисовна,Баймухамбетова Жанар  Муханбетжановна, Стамкулова Рыскул Тлегеновна, Буртаева Асел Хамитбековна. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің  Докучаев  жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімдері:Сандибекова Айгуль Абуовна,Жусупова Кульжан Кабдуловна.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Шолақсай  жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімІ: Прищепа Ольга Анатольевна.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Раздольный  жалпы білім беретін мектебі"КММ бастауыш сынып мұғалімі:Альменова Балнур Сериковна.

Облыстық кезеңге өткен, жүлделі орын алған әріптестерімізді  құттықтаймыз!

Бастауыш сынып әдіскері: Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.