19 Қырқ 2023
Жаңалықтар

Басты құндылық – рухани тазалық пен табиғатқа сүйіспеншілік

Дана халқымызда: «Жер бұлағымен сүйкімді, бұлақ құрағымен сүйкімді» деген сөз бар. Демек, туған жердің табиғатын түлету, оның табиғи байлықтарын сақтау және түрлі апаттардан  қорғау біздің міндетіміз. Қай жағынан болмасын тұлғаның өзіндік көріктеніп қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз. Осы тұрғыдан аудан  тазалығын өз деңгейінде ұстауға ат салысу барша адамзаттың міндеті. "Тазалық – денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Осы орайда ауданымызда  жүргізіліп жатқан тазалық айлығын сөзсіз қолдаймыз.Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Қостанай облысы әкімдігінің  білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ қызметкерлері тазалық сенбілік айлығын өз деңгейінде өткізуге белсенділік танытып,тұрғылықты мекен мен аудан орталығының таза болуына  өз үлестерін қосуда. Дана халқымызда: «Жер бұлағымен сүйкімді, бұлақ құрағымен сүйкімді» деген сөз бар. Демек, туған жердің табиғатын түлету, оның табиғи байлықтарын сақтау және түрлі апаттардан  қорғау біздің міндетіміз.

Қостанай облысы әкімдігінің

білім басқармасының

«Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ

әдіскері Бабыр Д.О.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.