Қостанай облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сай «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ бас маманы Павлина Петр Игоревич 2023 жылдың 07 қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне,қызметкерлеріне арналған «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу мәселелері» тақырыбында облыстық конференция (Zoom) ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты - білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Науырзым ауданындағы 6 мектепке дейінгі ұйым мекемелерінен меңгерушілер мен әдіскерлер сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің» ММ басшысы М.З.Ахметов және мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева конференцияға қатысты.
Тұсаукесермен "Қостанай облысы әкімінің аппараты" ММ бас маманы Павлин Петр Игоревич сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Коференция барысында «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ бас маманы Павлина Петр Игоревич қатысушыларды білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен таныстырып, 2023-2024 оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы айтты. Конференция соңында кері байланыс жүргізілді. Мектепке дейінгі ұйым басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/9358-bilim-beru-salasynda-y-sybajlas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-ta-yrybynda-oblysty-konferentsiya-zoom.html#sigFreeId38c081ac96