Ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «TopIQ электрондық оқулықтар платформасының тиімділігі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ әдіскерлері Қ.Валиева мен А.Хамзина қатысты. Семинар барысында , «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы»ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеттің бастауыш сынып әдіскері Бекмаганбетова Гайнеш Кошековна TopIQ платформасында «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулықтарын білім беруде пайдаланудың тиімділігі туралы ақпаратпен бөлісті. Мустафина Асель Сапаргалиевна директордың АКТ бойынша орынбасары – «Мектеп педагогтарының оқу процесінде «TopIQ »цифрлық ресурсын пайдаланужәне платформасына қосылу ережелерін семинар қатысушыларына түсіндіріп кетті. Платформада орналастырылған оқулықтардың артықшылығы заманауи талаптарға сай жасалған, электронды оқулықтарда өзін-өзі басқару тетігі бар, оқушы тапсырманы орындау барысында өзін-өзі бағалай алады. Тапсырмаларда берілген аудио қосымшалар оқытушы үшін дайын көмекші ресурс. Мақсаты: мұғалімдерді мектеп педагогтарының оқу процесінде «TopIQ » цифрлық ресурсын тиімді пайдаланумен таныстыру,оң тәжірибе алмасу. Семинарда берілген ақпарат педаготар үшін өте қызықты, әрі тиімді болды. Семинар соңында педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алып, пікір алмасты.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/9250-topiq-elektrondy-o-uly-tar-platformasyny-tiimdiligi-atty-seminar.html#sigFreeId1e1a4308da