19 Сәу 2023
Жаңалықтар

2023 жылы 14 сәуір күні 1-4 сынып оқушылыр арасында өткізілген «Облыстық олимпиада» атты аудандық байқау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ жұмыс жоспарына сай 1-4сынып оқушыларына  арналған облыстық олимпиада аудандық кезеңін өткізген болатын.

Олимпиаданың мақсаты: Оқушының дарындылығын ерте анықтау,бастауыш сынып оқушыларының қабілетін тану,дарынды балаларын қолдау және дамытуды қамтамасыз ету.

Қатысушылар: бастауыш 1-4 сынып оқушылары.

«Облыстық олимпиада»  атты аудандық байқауының нәтижесі.

Барлығы  1-4 сынып оқушылар арасындағы ең жоғарғы ұпай жинаған оқушыларды  марапаттауға шешім қабылданды.Ең жоғарғы ұпай жинаған оқушылар Қостанай қаласына облыстық олимпиадаға 2023жылдың 25 сәуірінде қатысады. Олар: «Жамбыл жалпы білім беретін мектебі»КММ 3-сынып оқушысы Ғазиз Сұлтан ,ұпай саны-50,   «Докучаев  жалпы білім беретін мектебі»КММ 4-сынып оқушысы Арстанбеков Нұрдаулет,ұпай саны-49,   «Докучаев  жалпы білім беретін мектебі»КММ  2-сынып оқушысы Сейлхан Асмира,ұпай саны-48,   «Докучаев  жалпы білім беретін мектебі»КММ  1-сынып оқушысы Жумабек Амина,ұпай саны-47. «Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар»  болып жүлдеге ие болған оқушылар.

Құттықтаймыз!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ бастауыш сынып әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.