2023 жылдың 3-4 қарашасында « Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ «ZERDELI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты-мұғалімдердің зерттеу және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау,математиканы оқыту процесін жетілдіру,жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдау,математикадан олимпиадалық есептерді шешуде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру . «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадаға облысымыздан 8 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. 3педагог аудандардан (Науырзым ауданы,Алтынсарин ауданы, Меңдіқара ауданы) болса, 5 педагог қаладан (Рудный қаласы,Лисаковск қаласы,Қостанай қаласы,Қостанай қаласы,Арқалық қаласы) .Науырзым жалпы білім беретін мектебінен Қарымсақова Жаңыл Серикбаевна қатысты. «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша педагог « Науырзым жалпы білім беретін мектебінен »Қарымсақова Жаңыл Серикбаевна ІІ –орынды иеленді.
Шын жүректен құттықтаймыз!
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ
бастауыш сынып әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/9098-respublikaly-altyn-t-yr-matematikaly-olimpiadasy.html#sigFreeId6e6198f752