28 Желт 2022
Жаңалықтар

Қостанайда дәстүрлі Президент шыршасы өтті.

 

Қостанай қаласында жылдағы дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында Президент шыршасы ұйымдастырылып, оқушылар куанышқа кенелді. Науырзым ауданынан 6 оқушы қатысты.Жамбыл жалпы білім беретін мектебінен-2 оқушы Нұрахметова Айым және Қарымсақов Темирлан. Докучаев жалпы білім беретін мектебінен-1 оқушы  Сабыржанов Бауржан Канатович. Шолақсай  жалпы білім беретін мектебінен-1 оқушы Хамицевич Полина Витальевна, Раздольный  жалпы білім беретін мектебінен-1 оқушы Атығай Мадияр Боранқұлұлы, Дәмді жалпы білім беретін мектебінен-1 оқушы Зинолла Мадина Талғатқызы.  «Жаңа Қазақстан – бақытты балалық шақ мекені» атты президент шыршасына бүкіл ауданнан  оқу озаттары,  аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар және олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт  Тоқаевтың атынан жаңа жыл  шыршасы  мерекесіне Қостанай облысының барлық өңірінен қатысқан балаларға Президенттің атынан сыйлық  табысталды.  Облыс  әкімі Құмар Иргибаевич Ақсақалов құттықтап, зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі. Шырша тойына келген балақайлар  «Кел, Жаңа жыл» әніне би билеп, көңіл көтерді. Аяз Ата, Ақшақар және 2023 жылдың нышаны Қоянның қатысуымен шыршаның шамын жағу – театрландырылған қойылымның өзегіне айналды . Шыршаға келген балалар ойын ойнап, ән шырқады, театрландырылған қойылым тамашалады және естелік сыйлық алды. Сондай-ақ, мейрам қонақтарына арнайы фотосессия ұйымдастырылды. Біздің оқушылар жаңа жыл мерекесінен алған әсерлерімен қуана бөлісті . 2022 жыл Балалар жылындағы  Жаңа жыл шыршасының мерекесі балалар ұшін ұмытылмас әсер қалдырды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі әдіскер

Токтасын Жулдуз

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.