24 Желт 2022
Жаңалықтар

«Кітап оқуға құштарлық»

 Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұраМамыртын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады.

Осы мақсатта  Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде 3 «Б» сыныбында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқуға құштарлық» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында оқушылар өздерінің бос уақыттарын тиімді іспен, кітап оқумен өткізгендіктері туралы әңгімеледі. Кейбірі әңгіме кітаптарын оқыса, енді бірі әлем халықтарының ертегілері туралы  кітаптарын оқығандықтары  туралы жарыса әңгімеледі. Енді бірі мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқығандығын айтып өтті. Балалар оқыған әңгімелерінің не туралы екендігін ортаға салып, ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылар тәрбие сағаты барысында кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін постер арқылы ортаға салды. Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу сапасын арттыру, балалармен жастардың  мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар 1 оқушы 3 сыныпта білім алады. Бұл оқушымен  мектеп психологы Буртаева Асел Хамитбекқызы,  сынып жетекшісі: Кенжебаева Камшат Дауреновна пән мұғалімдері түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді, олармен арнайы жаттығулар ұйымдастырады. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Валиева Қанымкүл Әлібекқызы осы оқушымен жеке жұмыс жасап, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы Жабағы Талғаттың кітапты сүйіп оқитындығына аса көңіл бөлуде. Сондай ақ ата-аналар арасында оқырмандар санын арттыру мақсатында ата-ана мен бала яғни отбасылық оқуды қалыптастыру. Әр ұлы іс отбасынан басталады.Талғаттың мамасы Ботакөз де өз ықпалын тигізіп,ата-ана ретінде окырман ретін толықтыруда.

 

Бастауыш сынып әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.