21 Қар 2022
Жаңалықтар

«Мұқағали оқулары» Республикалық мәнерлеп оқу конкурсы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде "Балалар жылы" деп жариялады.

Олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі.. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, “Mahataev.kz” – Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы (бұдан әрі ұйымдастырушы) Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсын (бұдан әрі байқау) Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау.өткізеді

Байқаудың ережесі: Қатысушы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа оқып, видео түсіреді. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы орта мектебі» КММ мектепалды тобының тәрбиеленушілері Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына қатысты.Қанатбек Айсәуле Ернарқызы,Жұбаныш Айзере Медетқызы, Жұмабай Асылжан Ерболатұлы және Бимұратқызы Маржан. Мектепалды тобының тәрбиешісі  Тапалова Гульжихан Жақсылыққызы болашақ ұрпақты лайықты тұлға етіп тәрбиелеуде бүлдіршіндердің дамуына ықпал ете отырып,әр баланы қоғамның тірегі:рухани бай,мәдениетті, эстетикалық талғамы зор,елжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.