Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филиалы Қостанай қ. ФМБ НЗМ бірігіп, «Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы» ММ қолдауымен 2022 жылдың 04 қараша күні Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтарына арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумын өткізді.
Форумның мақсаты: жас мұғалімдердің педагогикалық мамандығы табыстылығының бағытын құру, үнемі оқып дамуына ынталандыру.
Форумға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінен және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 30 жасқа дейінгі 120 жас мұғалім қатысты. Аталған форумда Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Асхат Қазбек «Білім берудегі геймификация: миға пайдалы қалай ойнауға болады?» тақырыбында мастер-класс өткізді.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/9006-zhas-staz-tabys-a-aparar-zhol-ajma-ty-forumy.html#sigFreeId9cb4363749