05 Қар 2022
Жаңалықтар

Республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының қорытындысы.

2022 жылдың 26 қазанында «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ  жоспары негізінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының (бұдан әрі-олимпиада) аудандық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты-мұғалімдердің зерттеу және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау,математиканы оқыту процесін жетілдіру,жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдау,математикадан олимпиадалық есептерді шешуде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру.

Аудан бойынша 8 жалпы білім беретін мектебі және 2 негізгі орта мектебінен 13 бастауыш мұғалімдері қатысты. Буревестник жалпы білім беретін мектебі, Дәмді жалпы білім беретін мектебі,  Мереке  негізгі орта мектебінен мұғалімдер қатыспады. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін белгілі бір ұпай саны есептелді. Ең көп ұпай  жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпаздары атанды. Оның ішінде 6 педагог жеңімпаз атанып,грамоталар мен дипломдармен марапатталды. . Ең жоғарғы ұпай жинаған 2 педагог Науырзым жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карымсакова Жаңыл Серикбаевна мен Докучаев жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жусупова Кульжан Кабдуловна «Алтын тұғыр» республикалық  математикалық  олимпиадасына облыстық кезеңіне жолдама алды.

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ  әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.