«Өміріңді ұзартқың келсе,біреуге жақсылық жаса» деген сөз бар.Бұл мерекенің мән-маңызы да осында: 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге ,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу.Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ ұжымы 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен мүмкіндігі шектеулі балаларды үйлеріне барып құттықтады. Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға тәтті сыйлықтар табыс етілді. «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ ұжымының атынан жақсы тілектер айтылып,ескерткіш ретінде суретке түсті.
Құрметті ата-аналар ! Балғын балдырғандар!
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі.
Сіздерді 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз.Өздеріңе қуаныш,шаттық сыйлайтын мейрамдарың құтты болсын!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ ұжымы
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8951-1-mausym-balalardy-or-au-k-ni.html#sigFreeIddaec7d07ca