Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сай, КМҚК «Балапан» бөбекжайы базасында Науырзым ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының аудандық семинары өтті.
Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;
- балабақшаның жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру
Семинарға 6 бөбекжайдан 31 тәрбиеші қатысты. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі әдістемелік кабинетінің әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы басшылық жасап, семинарды алғы сөзбен ашты. КМҚК «Балапан» бөбекжайының әдіскері Исмаилова Алма Ораққызы «Шебер» сынып өткізді. «Мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының пайдасы» атты тақырыптарымен тәрбиешілер топтық жұмысында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар аясында педагогтар мектепке дейінгі қызметкерлердің педагогикалық жетістіктерінің көрмесімен танысты. Балабақшада берілген тәрбие-бар тәрбиенің бастауы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің негізін қалайтын орын. Балабақшаны білім мен ортаға бейімдеудің тірегі десек,тәрбиеші- сол балабақшаның жүрегі деп әбден бағалауға болады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет түрі – ойынға КМҚК «Балапан» бөбекжайында үлкен көңіл бөлінген.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8924-audandy-seminar.html#sigFreeId4665b2e122
Мектепке дейінгі әдіскер Қанымкүл Валиева.