19 Нау 2022
Жаңалықтар

"Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары " атты дөңгелек үстелі

 

2022 жылғы 18 наурызда Науырзым ауданы білім бөлімінің «Жамбыл жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында аудандық математика пәні педагогтерінің "Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары " атты дөңгелек үстелі өткізілді. Қатысушылар математиканы оқыту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі - олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Тәжірибелі мұғалімдер математика пәнін оқытудағы туындайтын сұрақтарды шешудің жолдарын да ұсынды. Пәнге қатысты түйіткілді мәселер көтеріліп, бірқатар сұрақтарды шешу мәселелері педагогтердің құзіреттілігі мен біліктілігіне қатысты екендігі де айтылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.