Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының сьезі.
Рудный қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының облыстық сьезі өтті. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» сьезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары,мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі,мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Сьезге қатысушы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ делегациясының құрамын мектепке дейінгі әдістемелік кабинетінің әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы басшылық жасады. «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» тақырыбындағы сьезде әріптестеріміз КМҚК «Балапан» бөбекжайының әдіскері Исмаилова Алма Ораққызы мен Сәбитбекова Айшолпан Ерланқызы секция жұмыстарында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары», «Балабақшадағы ұлттық ойындардың маңызы» тақырыптарымен секция жұмысында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сьезд аясында педагогтар мектепке дейінгі қызметкерлердің педагогикалық жетістіктерінің көрмесімен танысты. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің КМҚК «Балдырған» бөбекжайының меңгерушісі Нургожина Гаухар Әбікенқызы «Геймификация шеберханасы» мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие-оқу процесін ұйымдастырудың жаңа бағытын ұсынды.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8903-me-tep-e-dejingi-tarbie-men-kytu-zh-jesi-ped-g-gt-ryny-sezi.html#sigFreeIdeec781bcc5