03 Нау 2022
Жаңалықтар

Облыстық шеберлік сынып

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтері үшін 2022 жылғы 28 ақпанда «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу сауаттылығының маңызы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді. Аталған іс-шарада Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурсеитова Ж.С. «Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сауаттылығын дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.