04 Желт 2021
Жаңалықтар

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" республикалық оқушылар байқауы

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  «Балаларды  ерте дамыту институты» 2021 жылғы  29-қарашадан бастап  1 – желтоқсан ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналары арасында мәнерлеп оқудан челленджі өтуде.

Челлендж мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар бойына мәнерлеп оқу арқылы Туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін арттыру; өлең оқу кезінде мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ата-аналар қауымдастығын білім беру әрекетіне баулу болып табылады.Қашықтықтан "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" республикалық оқушылар байқауына Науырзым ауданынан мектепке дейінгі ұйым және 1-4 сынып оқушылары белсене қатысты.

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.