Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі,тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани байлық. Кітапты таңдап, талғап оқи білу,оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу- әрбір адамның білігі мен білімін,пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды. Интеллектуалдық орталық «Инновациялық білім беру» зияткерлік орталығының директоры Е.А.Банцыреваның қолдауымен «Кітап оқыған озар!» атты байқау ұйымдастырылды.
Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады.Өз сыныбымызда «Оқуға құштар мектеп» атты бұрыш ұйымдастырып,өскелең ұрпақтың бойында кітап оқу құзыреттілігін қалыптастырып,оқушыларым өздеріне қызықты тақырыпта мәлімет алып, сүйікті ертегі кітаптарын оқыды. «Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»,- деп ақын Абай Құнанбаев жырлағандай,ерінбей білім алуға асығайық.Білімнің сарқылмас сандығын кітаптан таба алатынымызды ұмытпайық.
«Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ
Бастауыш сынып әдіскері Валиева Қ.А.