Ауыл мектептерінің оқушылары арасында ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Қостанай облыстық филиалы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірлесіп, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қолдауымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында «English for Jastar» жобасын іске асырды. Жобаның негізгі міндеті ауыл оқушыларының сапалы білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, ағылшын тілін оқытуға қызығушылық пен қатысуды арттыруға жәрдемдесу болып табылады. Жобаның мақсатты аудиториясы ауыл мектептерінің 6,7,8,9 сынып оқушылары болып табылады. Жобаға Қостанай облысының әр өңірінен 15 волонтер қатысты, соның ішінде біздің ауданнан Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Д.А. Утельбаева және Докучаев жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі А.С. Сейткалиева бар. Ағымдағы жылдың 26 қарашасында қатысушылардың қорытынды кездесуі өткізіліп, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8821-english-for-jastar-zhobasy.html#sigFreeIdae2eb33235