Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» 2021 жылғы 29-қарашадан бастап 1 – желтоқсан ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналары арасында мәнерлеп оқудан челленджіне Науырзым ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы бүлдіршіндер мен мектепалды даярлық сынып балалары мен ата-аналарын қатысты.
Челлендж мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар бойына мәнерлеп оқу арқылы Туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін арттыру; өлең оқу кезінде мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ата-аналар қауымдастығын білім беру әрекетіне баулу болып табылады.
Үздік жұмыстар Институттың http://irrd.kz/сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады және марапатталады.
Мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева