Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ, 2021 жылы 24 қараша күні Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты әдебиет кешін өткізді.
Мақсаты: Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жолғастыру қабілеттерін дамыту. Даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей-тойына орай өткізілген шарадаға «Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Науырзым ауданы білім бөлімінің Шолақсай жалпы білім беретін мектебі» КММ,«Науырзым ауданы білім бөлімінің Өлеңді негізгі орта білім беретін мектебі» КММ, «Науырзым ауданы балалар шығармашылығы үйі»КММ, «Науырзым аудандық орталықтаңдырылған кітапхана жүйесі» ММ қатысты.
Әдеби кештің құрметті қонақтары: Науырзым ауданының әкімі Абишев Қайрат Тынымбайұлы , өмірін ұстаздық қызметке арнап,өз ортасында сыйлы, оқушыларына қадірлі педагог бола білген Абенова Роза Мнайдарқызы.
«Ұлы ұстаз ұлағаты» атты әдебиет кешінің алғашқы сөзін «Науырзым ауданының білім бөлімі» басшысы Гүлнар Чайхисламқызы Дусқуловаға берілді. Науырзым аудандық орталықтаңдырылған кітапхана жүйесі» «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» атты көрме дайындады. «Ұлы ұстаз» өмірбаянының маңызды деректерімен таныстырып, бейнефильм көрсетілді. «Өлеңді негізгі орта білім беретен мектебі» «Дала шам шырағы» атты көрініс көпшіліктің көңілінен шықты. «Науырзым ауданы балалар шығармашылығы үйінің оқушылары Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыды.Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қарлығаш Геннадьевна Ыбырайдың нағашы жұрты туралы әнгімелеп берді.Ыбырай Алтынсариннің хаттарынан Ырыскүл Асқарбекқызы мен Маржан Амандыққызы үзіндіні нақышына келтіре оқыды.Шолаксай жалпы білім беретін мектебінің әріптестері ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «ӘКЕ мен БАЛА» әңгімелерінен дайындаған көрінісін тамашалады. олаксай жалпы білім беретін мектебінің арулары әсем биімен бұрала билеп,көрермендердің көңілін көтерді.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, шығармашылығы жайында «Өсиет өлеңдерін оқу» Жадыра Нұрланқызының үлесіне тиіп,залдағы қатысушылар ұйып тыңдай білді. Кенжегалиева Мақпал әсем әуенімен «Беу дүние» әнін орындады.
Құттықтау және марапаттау рәсімі Науырзым ауданың әкімі Абишев Қайрат Тынымбайұлына беріледі (Ы. Алтынсаринның 180 жыл мерейтойына орай «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты әдебиет кешіне ат салысқан Науырзым ауданының білім беру бөлімінің мектептерінің ұжымдары сертификатпен марапатталды).
Міне,бұл-күні бүгінге дейін тұтас бір ғасырдай уақыт өмір сүріп келе жатқан Ыбырай өсиеті,Ыбырай арманы,Ұлы ұстаздың ұлағаты- Ыбырай Алтынсариннің есімі мәңгілік.
Ұлы ағартушы ұстазға арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты әдеби- кешімізді жерлесіміз Ақылбек Шаяхметтің жазған өлең шумақтарымен аяқталды.
Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.
Алтынсарин – ел үшін соққан жүрек,
Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.
Қалың қардың жібіткен мұз денесін
Алтынсарин – аңқылдақ алтын күрек.
Денесі оның Тобылдың жағасында,
Мүсіні тұр Қостанай қаласында.
Ыбырай бұлағының мөлдір суы
Шүпілдейді білімнің шарасында.
Сол сумен егін егіп, мал суардық,
Жыр жазып, дала жайлы ән шығардық.
Сол сумен қаталаған шөлді басып,
Шығып тұр қазағымның дауысы анық.
Сол судан мейірі қанып барлық халық,
Өмірден өз орынын тапқаны анық.
Алтынсарин – ұлы ұстаз ұлағатты,
Алтынсарин – ұлтыма ұлы жарық.
Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасының
«Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ
әдіскері Амиргалиева Амина Эхкихатовна
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8816-staz-la-atyn-rpa-y-ly-tady-2.html#sigFreeId5485127ce4