13 Қар 2021
Жаңалықтар

Әдістемелік көмек көрсетілді.

2021 жылдың 12 қараша айында Науырзым ауданы, Қарамеңді селосындағы КМҚК «Балапан»  бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйым психологтарына, тәрбиешілеріне әдістемелік  көмек көрсетіліп кеңес берілді.

Мақсаты: танымдық әрекетпен қатар өмірдің барлық саласындағы белсенді,  танымдық белсенділігі дамыған, еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу жолдары бойынша қатысушылардың білімдерін тереңдету. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту жолдарын, оның теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс. Сондай-ақ балаларды оқу қызметіне қызықтырып, баланың танымдық қажеттілігін сақтап, оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін танымдық іс-әрекеттің табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені жөн. Әдістемелік көмек көрсету барысында алдағы уақытта мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін бағалайтын индикатор көрсеткіштері дайындалып және қолданыс тапса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттіліктерін ойын арқылы дамыту тиімді болады деп тұжырым жасауға толық мүмкіндік барын анықтады.

 Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

 «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері

Валиева Қанымкүл Әлібекқызы

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.