Қараша айының 1-12 аралығында «Алтын күз» атты ІІІ Республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті.Ауданымыздағы мектеп пен балабақшалардағы бүлдіршіндер қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Докучаев жалпы орта мектебінің оқушысы Қазгельдиева Дильназ қатысып жеңімпаз атанды. Қарағанды қаласындағы «Білім» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған байқауға мектепке дейінгі ұйым КМҚК «Балапан» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар Мырзахмет Сара,Арыстанбек Айша,Мырзахмет Рамина.Ауданымыздың жас дарындары «Сурет байқауы», «Фотография», «Поделка» номинациялары бойынша бақ сынады. Еліміздегі жағдайға байланысты онлайн форматта өткен байқаудың қатысушылары жұмыстарын өздері қатысып жатқан номинациясының талаптарына сай бейнематериал немесе фото-сурет үлгісінде қазылар алқасына жіберді.Байқауда Дильназ бен Сара өздерінің таланты да,дарынды екендерін көрсете І орынды қанжығаларына байласа, Айша мен Рамина ІІ орын иегерлері атанды. Байқаулардың арқасында балаларымыздың өнерге,дамуға деген құштарлықтарын оята аламыз. «Алтын күз» атты ІІІ Республикалық балалар шығармашылығы байқауына жеңімпаздарын дайындаған Докучаев жалпы орта мектебінің 1 сынып мұғалімі Жусупова Кульжан Кабдуловнаға, КМҚК «Балапан » бөбекжайының тәрбиешілері Исмаилова Алма Ораққызы мен Алдажуманова Гүлден Әуелбекқызына алғысымызды білдіреміз.
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ
Мектепке дейінгі ұйым әдіскері
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8805-iii-respublikaly-balalar-shy-armashyly-baj-auy.html#sigFreeIdb0b393f6bf