04 Қар 2021
Жаңалықтар

«Достық және мен»

Қараша айында КМҚК «Балапан» бөбекжайында жұмыс жоспарына сай «Достық және мен» декадасына арнайы дайындалған ашық оқу қызметтері,тренингтер болып өтті. Ұйымдастырылған бұл апталықтың мақсаты балаларды сүйіспеншілік,мейірімділікке,тәрбиелеу. Балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру,ұсақ қол моторикасын дамыту. Балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға,адал дос болуға үйрету. Психолог Валиев Данияр Таңжарғанұлы: - Балалар сендер әрқашан да бір-біріңмен дос, тату болыңдар,достарың көп болсын деген тілекпен тренингті аяқтады. Бес құндылықты дәріптеген кішкентай сәбилердің таза көңілі мен балалық махаббатына шомылып,риза болдық. Балабақшада тәрбиеленіп жатқан басқа да бүлдіршіндердің көңілдеріне сенім мен мақтаныш сезімін ұялатады деп сенеміз Тренингтің соңында бүлдіршіндер дауыстап тақпақ айтып сабақты қорытындылады. 

«Достық  керек  өмірде ,

Ашық сырлы көңілде.

Дос  жолдасың  болмаса ,

Өмір сүру жеңіл ме?»

 

Әдіскер Исмаилова Алма Ораққызы

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.