29 Қаз 2021
Жаңалықтар

Білімді ұрпақ – ел болашағы.

КМҚК «Балапан» бөбекжайында  жұмыс жоспарына сай «Ұсақ қол моторикасын дамыту» атты тақырыбында тәрбие сағаты  өткізілді. «Балапан» бөбекжайының тәрбиешілері Алдажуманова Гүлден мен Сагинаева Ғалия мектепке дейінгі жасында бала тілінің дамуы,өзіне-өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызын өте зор екенін дәлелдей білді. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса,оның одан әрі  дамуы да соған тікелей байланысты.Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен  назары,сондай-ақ сөздік қоры да дами түседі. Тәрбие сағаты өте қызықты әрі тартымды өтті.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.