20 Қаз 2021
Жаңалықтар

Республикалық онлайн-семинары

«Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» КЕАҚ мектепке дейінгі,ора, техникалық және кәсіптік,жоғары білім беру республиканың педагогтеріне білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің рухани-адамгершілік мазмұнын күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 20 қазанда «Қазіргі кезеңдегі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзектілігі» атты республикалық онлайн-семинары өтті.  Республикалық семинарға  Қостанай облысынан 30 педагог қатысты. Науырзым ауданынан мектепке дейінгі ұйым әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы және  «Балапан» бөбекжайының әдіскері Алма Ораққызы мен  меңгерушісі Күнімжан Сатовна қатысты.  Республикамыздың барлық аймағынан тәрбиешілер,әдіскерлер қатысып өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Осы семинарға ауданымыздағы «Балапан» бөбекжай бақшасының әдіскер-тәрбиешісі Исмаилова Алма Ораққызы «Жас кезіндегі адамгершілік рухани тәрбие негіздері» тақырыбында баяндама оқыды.Алма Ораққызы өз баяндамасында «Балапан» бөбекжай бақшасында өткізіліп жатқан игі істерді айта келіп,өскелең жас ұрпақты адамгершілік,мейірімділік,отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдарын,ата- аналармен бірлесіп өткізілген жұмыстарын атап айтты.

Әдіскер Валиева  Қанымкүл Әлібекқызы

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.