Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті 2021 жылғы 26 тамызда Науырзым ауданының 8 жалпы орта мектебі мен 2 негізгі мектептерден бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция өтті.
Өткізу мерзімі: 26 тамыз 2021 жыл
Өткізу уақыты: 10.00
Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіктерін арттырудың стратегиялық мақсаттары мен өзекті міндеттері
Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру жолдарын анықтау
Мақсатты аудитория: аудандық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы құттықтау сөз жолдап,2021-2022 оқу жылында оқу процесінің ұйымдастырылуына қатысты мәселелер бойынша талқылауға қатысып, педагогтардың сұрағына жауап берді. «Науырзым ауданы білім бөлімінің» ММ. Шолақсай жалпы білім беретін мектебі» КММ 2 бастауыш сынып мұғалімдері баяндама жасап, өз жұмыстарын жаңа талапқа сай сәйкес қалай ұйымдастыратындықтарымен бөлісті. Олар: Пискунова Наталья Борисовна, Осипова Гульгуль Мырзагуловна. Секция жұмысында білім мазмұнын қалыптастырудағы жаңа көзқарас, оқытудың мақсаттары,күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар, сонымен бірге,жаңа форматты қазіргі заманғы сабақта оқу процесін ұйымдастырудың ең маңызды мәселелері,инновациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Бастауыш сынып әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы