2021 жылдың 25 тамызында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі аясында онлайн форматта "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында ҚГБ пәндері бойынша секция өтті.
Секцияға білім беру бөлімінің әдіскері, ҚГБ пәндерінің мұғалімдері қатысты. Секция жұмысы барысында қазіргі заманғы мектепте гуманитарлық цикл пәндерін оқытуда білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері, әдістері, тәсілдері мен құралдары талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды.