25 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы педагогтарының «Алтын кітабы - 2021»

Биыл Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес.Әл-Фараби бабамыз атап өткендей,Қазақ Елінің ғылым мен білім саласыақиқат пен адалдыққа негізделсе ғана тәуелсіздігіміздің тұғыры-берік,болашағы-баянды болары сөзсіз.

Міне,осы мақсатта Қазақстан республикасы Педагогтарының «Алтын Кітабы -2021» атты республикалық байқауды ұйымдастырушы : «BILIM-ORKENIET» Ұлттық Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы».

Байқауға республикадан 510 педагогтар қатысып,ішінен үздік деп танылған,талапқа сай жұмыстарын жіберген 120 автордың жұмыстары осы жинаққа енгізілді.Байқаудың мақсаты- педагогтардың инновациялық әлеуетін арттыру,педагогтардың зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып,тәжірибе алмасу.Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту,отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады.Науырзым ауданынан  Валиева Қанымкүл Әлібекқызы қатысты.жеңімпаз атанды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен ҚР педагогтарының «АЛТЫН КІТАБЫ -2021» атты республикалық байқауға Валиева Қанымкүл Әлібекқызы қатысып,жеңімпаз атанып,І дәрежелі Дипломмен марапатталды.ҚР Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталды және куәлік берілді.Құрметті Қанымкүл Әлібекқызы  Қазақ Елінің білім саласының дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.