1-4 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадасы.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 28 сәуірінде 1-4 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың 14 өңірінен 60 оқушы қатысты.Олимпиада қашықтық форматында қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.Білім алушылар 3 пән:математика,дүниетану,жаратылыстану мен мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі бойынша тапсырмалар орындалды. Конкурс қорытындысы бойынша 32 қатысушы, оның ішінде I орын -11, II орын -9, III орын – 12 жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Науырзым ауданынан 3 оқушы жүлдегер атанды Олар:Хаджабай Әсел 4- сынып оқушысы 3-орын,( Науырзым жалпы білім беретін мектебі), ( Жамбыл жалпы білім беретін мектебі)
Сарсенғали Ақниет 2-сынып 3-орын иеленсе,Баяхметова Алина 1-сынып 3-орын жүлдегері.( Шолақсай жалпы білім беретін мектебі)