30 Сәу 2021
Жаңалықтар

«Оқу ынтасын арттыруда сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдісін қолдану»

Название Скачать
1 «Оқу ынтасын арттыруда сабақтың әркезеңінде оқытудың белсенді әдісін қолдану » PDF

 

2021 жылдың 21 сәуірінде Шолақсай жалпы білім  беретін мектебінде  аудандық семинар өтті.  Семинар тақырыбы: «Оқу ынтасын арттыруда сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдісін қолдану». 

Мақсаты : сабақтың әр түрлі кезеңдерінде БӘТ қолдану, оқушылардың білім беру мотивациясының  жоғарылануына ықпал ететін іс-әрекеттің , әдістердің  және формалардың бірізділігін тікелей және түсініктеме ,  көрсету арқылы өз тәжірбиесін көрсету.  Семинарға  басқа  ауыл мектептерінен барлығы 43 мұғалім қатысты. Олардың ішінде аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері , мектеп директорлары, директордың оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты.  

Семинар барысында мектептен тәжірбиесі мол ұстаздар  ашық сабақтар өткізді. Олар сабақ барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып, сабақты түрлендіре және қызықтыра түсті. Өткізілген әр сабақ жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ашық сабақтар аяқталғаннан кейн коучинг және «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты мектеп психологі тренинг өткізді. Семинар аяқталғаннан кейін келген  мұғалімдермен кері байланыс болды. Олар өткізілген ашық сабақтардан қандай ой түйгендерін және тәжірбие алмасу барысында өздерінің ұсыныстарын және ізгі ниеттерін білдірді. Кері байланыс  орнатылғаннан кейін келген қонақтарға «Туған елім» атты концерттік бағдарлама  болды.


Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.