«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 20-21 сәуірінде 4-7 сынып оқушылары арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында қазақ тілінен "Тіл шамшырақтары-2021" облыстық ашық байқау-конкурсын өткізді. Байқау GoogleMeet платформасында онлайн режимінде өтті.
Байқау 2 турдан тұрды: бірінші турда балалар ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды, екінші турда диалог құрды және сүйікті шығармаларын жатқа оқыды.
Байқауға облыстың 16 өңірінен 61 оқушы қатысты. Біздің ауданнан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Печеная Инесса, Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы-2 орын, Валиева Алина, Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы және Заика Руслана, Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы-3 орын. Жүлдегерлерге дипломдар, ал қатысушыларға сертификаттар беріледі.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8716-%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%B3%D0%B8-%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%D0%B0-%C2%AB%D1%82%D1%96%D0%BB-%D1%88%D0%B0%D0%BC%D1%88%D1%8B%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B-2021%C2%BB-2.html#sigFreeId8b61d0f597