03 Сәу 2021
Жаңалықтар

«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялаудың маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстел.

«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялаудың маңыздылығы» тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстел.

2021  жылдың 2 сәуір күні «Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі ұйым «Балапан» бөбекжай-бақшасының  педагогтарының ұйымдастыруымен және«Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ   жұмыс жоспарына сәйкес  аудандық  деңгейде дөңгелек үстел өтті.

Аудандық білім бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәніне жауапты әдіскерлері мен мұғалімдері және «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық  ұйымдарының оқытушылары қатысты.Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.Дөңгелек үстелдің практикалық бөлімінде «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәлімгер –тәрбиешісі Алма Ораққызы   ««Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие жүйесін дамытуы бойынша  басқару жұмысын жоспарлау» тақырыбында  баяндама жасады. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері  Валиева Канымкуль Альбековна «Ішкі үйлесімділік- адамның рухани дамуының шарты» тақырыбында топпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үлкен шеберлікпен көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Балапан» бөбекжай-балабақша ұжымына және балабақша меңгерушісі Г.Стамкуловаға  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қанымызға сіңген ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған  аудандық дөңгелек үстелге  алғысымызды білдіріп, еңбектеріңіз жанып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін демекпіз.

«Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.