02 Сәу 2021
Жаңалықтар

Жол атасы бағдаршам.

Жол атасы бағдаршам.

 

 «Балдырған» бөбекжай-бақшасында жұмыс жоспарына сай «Жол атасы бағдаршам» атты тақырыбында тәрбие сағаты  өткізілді. «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Жолда жүру ережесі туралы  бөбектерге ойын түрінде нәрлі білім,тәрбие бере білді. Мақсаты:

Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгіліерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға білімдерін толықтыру, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу

Түзете – дамытушылық:

Жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін бекіту.

 Тәрбиелік:

Оқушыларды алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері суреттері, жол ережесіне арналған слайд және видео


Айналайын абайла

Жан- жағыңа қарайла

Жолда жүру ережесін

                                                    Есте сақта қалайда

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

 

Мектепке дейінгі ұйым  әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.