Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ «Балдырған» бөбекжай-бақшасында « Менің мамандығым - менің болашағым! » атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Менің мамандығым - менің болашағым! » атты дөңгелек үстелге «Балдырған» бөбекжай-бақшасы мен «Балапан» бөбекжай-бақшасының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтитындығы туралы және мамандықтарды талдай , таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; болашақта өз маманының иесі болуға тәрбиелеу міндеттерін іске асыруды жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондықтан тәрбиешілеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануы өзара тәжірибе алмасу оны дамыту мәселесі де сөз болды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Валиева болашақ тәрбиешілерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Дөңгелек үстелді қортындылай келе әдіскер Қанымкүл Әлібекқызы Абай атамыз айтқандай «Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды сүйсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі –маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!
ЖМ «Зерек» колледжі туралы бейне роллик көрсетілді
«ЗЕРЕК »колледжі " жеке мекемесі 2010 жылы құрылды. Мемлекеттік лицензия келесі мамандықтарға білім беру қызметін жүргізуге берілді:" шет тілі мұғалімі"," Дизайн","Өзін-өзі тану мұғалімі". Колледж оқушыларды қабылдауды ақылы негізде жүзеге асырады. Оқушыларды оқыту қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша, жалпы орта және негізгі орта білім базасында жүргізіледі. 2012 жылдан бастап келесі мамандықтар бойынша білім алушыларды қабылдауды жүзеге асырады - 0105000 – Бастауыш білім беру; - 0101000 – Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі.
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ
Әдіскері Қ.Валиева
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8692-%C2%AB-%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BC-%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC-%C2%BB-%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B-%D0%B4%D3%A9%D2%A3%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA-%D2%AF%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BB.html#sigFreeIdc82734f5d6
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 |
Частное учреждение |
![]() |