Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.
Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа үлгісі қалыптасты.Ұлыстың ұлы күнін енді Қазақстандықтар 10 күн тойлайтын болды,14-нен 23-не дейін.Негізгі мақсаты Наурыз мейрамын отбасылық деңгейде атап өту және рухани жаңғыру. Қасиетті Науырзым жерінде ақ жаулықты әжелер,аяулы аналардың ,ибалы келіндердің,ару қыздарымыздың басын қосып,Наурыз мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ –нен Валиева Қанымкүл Әлібекқызы мен Жарқымбаева Алмагүл Жақсылыққызы «Алтын бауырсақ» атты фестивальға қатысып,І-орынды жеңіп алды.Мейрамның басты тағамы –Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалғанын Қанымкүл әже айта отырып, жиналған қауымға көже ұсынды. Ибалы келін Алмагүл дастархан басына ұлттық сүт өнімдерімен ыстық бауырсағын тосып,құрмет көрсетіп үлкендердің ақ батасын алды. Әжеміз «Ырыс-береке көбейеді» деп құйылған көжені тауысып қою керек деп нақыл сөзін айта отырды. Наурыз жыл басы. Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз баршамызға құтты болып,берекеміз молайсын.
https://nauroo.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8681-festival-altyn.html#sigFreeId101a3fa04f