12 Нау 2021
Жаңалықтар

Тәжірибелік семинар.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ ұйымдастырумен «Білім беру саласындағы педагогикалық тәсілдер» тақырыбында «Балапан»  бөбекжай-бақшасында тәжірибелік семинар өткізілді. Тәрбиешілер  Исмаилова Алма ,Сабитбекова Айшолпан  және  жантанушы  Данияр Валиев педагогикалық шеберліктерін шыңдап, тәжірибе  бөлісу мақсатында және балалардың танымдық қабилеттерін дамытуда  біріктіліген интеграциялық ойын-сабақ ұйымдастырды.Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерінен ұйымдастырылған оқу қызметтерімен бөлісті.

 Білікті маман Алма Ораққызы мен  жас маман жантанушы Данияр Танжарғанұлының республикалық ғылыми-әдістемелік «USDIK USTAZ» журналына мақалалары шықты. А.Исмаилова «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойынға баулу» тақырыбында мақала жазса, жантанушы Данияр Таңжарғанұлы «Мектепке  дейінгі ұйымдағы балалармен логопедиялық-психологиялық жұмыс» атты мақаласы басылып шықты. Республикалық ғылыми-әдістемелік «USDIK USTAZ» журналының атынан  Білім жүйесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, педагогтарға сертификаттар табысталды. Қатысушылар семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиешілердің шығармашылық белсенділігі байқалғанын айтып, алғысын білдірді. Қатысушылар  «Балапан»  бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне осындай тәжірибелік бағыттағы семинар өткізгені үшін алғыс айтты.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.