Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша 3-11 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2021 жылдың 18-19 ақпанында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы мұра» облыстық марафоны аясында 3-11 сынып оқушылары үшін облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың тапсырмалары ағартушының өмірі туралы өмірбаяндық мәліметтерді білуге ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылығы мен шығармаларына қатысты сұрақтардан тұрды.
Олимпиада оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Олимпиадаға біздің өңірден 119 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмаларын 40 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 14 оқушы 2 орын және 26 оқушы 3 орын алды.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом берілетін болады.