10 Нау 2021
Жаңалықтар

Робототехника – болашақтың бағдары

Робототехника – болашақтың бағдары

«Робототехника – болашақтың бағдары. »  атты  аудандық семинар өткізілді.Аудандық семинар Жамбыл жалпы орта мектебі базасында болды.Семинарға  ауданымыздағы «Балапан» бөбекжай-бақшасы мен  «Балдырған» бөбекжай-бақшасындағы  меңгерушілер,әдіскерлер,тәрбиешілері  және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева мен «Балалар шығармашылық үйі» робототехника жетекшісі О.Казиева қатысты. Қазіргі таңда әлемде робототехника ғылымы кеңінен қолданыс табуда. Қазақстан дамыған елдер қатарынан көріну мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына бетбұрыс жасап келеді. Ғылымның бұл түрі жайлы түсінік ерте жастан қалыптаса түскені абзал. Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті. Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру . Міндеттері:
Баладардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.
Балалардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру
Балалардың дайыдығына қойлатын талаптар:
Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау. Күтілетін нәтиже:
Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау
Қарапайым роботтарды басқару
LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу
Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану
Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту. Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті.

Қостанай облысы әкімдігі

 білім басқармасының

 «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.