IQanat олимпиадасы – еліміздің ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін тегін олимпиада. Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру, оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың 6 қарашасында 9 сынып оқушылары үшін «IQanat» республикалық олимпиадасының 1 кезеңі онлайн форматында өткізілді. Ауданымыздың 66 оқушы қатысып, 16 оқушы (Докучаев, Жамбыл, Шилі және Шолақсай жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары) облыстық кезеңге жолдама алды.