2020-2021 оқу жылында жалпы білім
беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиадасы
«2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 45 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығын 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізілді. Ауданымыздан 11 оқушы қатысып, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, биология, Қазақстан тарихы, география пәндерінен бақтарын сынады. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Олар: Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Мамедов Насими (1 орын), 9 сынып оқушылары Казутова Валерия (2 орын), Сағи Ақзер (3 орын), Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 10 оқушылары Атымтаева Дильназ (2 орын), Жангелді Мөлдір (3 орын).