Аудандық эссе байқауы.
Алдағы 2020 жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, күллі түркі жұртының бас ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы мемлекеттік деңгейде тойланатын болады. Сондай-ақ, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың тарихтан тағылым алып, ұлы бабаларымызды әрдайым ұлықтай білгенін айтып, мұралары «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет екенін атап өтті. “Біз үшін бұл мерейтойлардың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Үкіметке қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Мектептерде оқыту үдерісінде пәндерді оқытуда ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тақырыптармен тиімді байланыстырған дұрыс. Сол сияқты мерейтойларға байланысты әр түрлі тақырыпта мазмұнды іс-шараларды белсенділікпен ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жөн деп ойлаймын. Өскелең ұрпақты білімді,саналы етіп тәрбиелеу-біздің мақсатымыз болып табылмақ. Аталған мақсаттарды жүзеге асыруда оқушыларымыз мектепішілік,аудандық,облыстық іс-шараларға қатысып,жүлделі орындарды иеленіп,алғыс хаттармен марапатталды. Жамбыл орта мектебінің 4 А және 4Б сынып оқушылары белсене қатысты.Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындаған үшін Бекенова Жанат Төлемісқызы мен Оспанова Мейрамкүл Какимжановна алғыс хатпен марапатталды. Келешекте елімізді көркейтетін,мақтанышымыз-шәкірттеріміз биік-биік белестерден көрінетініне сөзсіз сенімдеміз.