18 Ақп 2021
Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білімқұмар балаларға арналған «Пони» халықаралық байқауы.

Мектепке дейінгі білімқұмар балаларға арналған «Пони» халықаралық байқауы.

 

Баланың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ашу, сонымен қатар  мектепке дейінгі білім беру рейтингін арттыру мақсатында ҚР БҒМ «Дарын» ӨҒПО қолдауымен «Үркер» зияткерлік орталығы мектепке дейінгі жастағы білім құмар балалар үшін сырттай байқау өткізді. Биылғы Білімқұмар балаларға арналған «Пони» халықаралық байқауы 175 жыл Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналды. Науырзым ауданының  білім беру бөлімінің білім беру ұйымдарынан,мектепке дейінгі мекемелерінен,мектепалды тобы бүлдіршіндері қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Жамбыл орта мектебінің мектепалды тобы тәрбиешісі  Қаржаубаева Арман Жаукеқызы білімқұмар балаларға арналған халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Аудан бойынша 105 бала қатысып, білімқұмар балаларға арналған халықаралық байқауының   барлық қатысушыларына сертификаттар және дипломдар тапсырылды.

 

 

 

Білім беру бөлімінің әдіскері                            Қ.Валиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.