«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми - практикалық орталығы оқушылардың дарындылығын ерте анықтау, орта буындағы неғұрлым қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету мақсатында 6 - 8 сынып оқушылары арасында географиядан облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізілді. Юнорлық олимпиадаға Шолақсай және Раздольный орта мектептерінің оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Шолақсай орта мектебінің оқушысы Вовченко Виолетта география пәнінен жүлделі орынды иеленді. Оқушыны юнорлық олимпиадаға дайындаған Шолақсай орта мектебінің география пәнінің мұғалім Нурпеисова Н.М. Олимпиадаға қатысқан оқушылар «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификатымен марапатталды.