03 Желт 2020
Жаңалықтар

« ЖасStar» атты НМТҚ аумағында жастардың спорттық – туристік фестивалі

«Науырзым ауданының білім беру бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шараларды, интелектуалдық орталық  «Инновациялық білім беру» зияткерлік орталығының директорының Банцырева Екатерина Александравнаның қатысумен өткізді.

 Іс-шаралардың атқарылған жұмыстары: Жобаның атауы   « ЖасStar» атты НМТҚ аумағында жастардың спорттық – туристік фестивалі.

 Іс-шараның атауы «Менің кіші отаным» атты Науырзым ауданы мектептерінің туристік топтарын шақырумен  НМТҚ аумағына саяхат.

Іс-шараның мақсаты: туған табығаттың сұлулығын көруге, оны қорғауға, өз Отанын сүюге үйрету, оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу. 

]Мерзімі: 2020 жылдың қыркүйек айында Қостанай облысының киелі жерлеріне аудан мектептерінің экскурсиялары өтті. Киелі, қасиетті жерлерге 5-11 сынып оқушылары барып келді. Оқушылар  Қоянақ әжейдің басына барып мынадай ақпарат алды: Қоянақ  Жолшарақызының  асыл сүйегі  Уақ  тайпасынан, Жансарыруының  Құрайтармағынан  әкесі  Жолшара  атасы  Тастемір. Тастемірдей  атағы  жер  жарған әз әулие  атанған  жандар.  Қоянақ  әжемізге Алла  тарапынан  берілген  айрықша  қасиет,  өз әкесі Жолшара  әулиеден  дарыған.  Атадан балаға мирас болып қалған киелі жер. Қоянақ әулие жерленген жер тұрғылықты халықты қорғайды, молшылық әкеледі деп есептелінеді.
Шилі және Шолақсай ауылынан 18 шақырым жерде, Қарасу және Қопа елді мекендері арасында немесе ел ауызында аталып кеткендей Жарманда орналасқан.
Құрылған кезеңі XVII ғасыр. Қарамендіден 100 шақырым жерде қасиетті- Қоянақ әулие кесенесі орналасқан. Қоянақ әулие туралы халық түрлі аңыздар мен емшілік қасиеттерін айтады, дегенмен де тарих оқулықтарында ешқандай ақпараттар жоқ.

Қоянақ әулие кесенесі шипалы күші бар киелі жер, ауыратын адамдардың еміне шипа болғандығы жөнінде көптеген оқиғалары айтылады. Қоянақ әулие кесенесінің басына арнайы мал шалып, емделушілер дұға қылып басына қонып  кетеді. Сонымен қатар тылсым күшке ие қасиетті жер екені дәлелденіп отыр. Мысалы күннің шыжып тұрған кезде Қараменді  ауылынан екі жолаушысы солжерден өтіп бара жатып: «күннің ыстығын-ай қазір жаңбыр жауып кетсе екен» - деген, бір ауыз тілегі сол жерде орындалып бір мезетте ашық аспанды қара бұлт басып жаңбыр лезде құйып кеткен. Оқушылар киелі жерге барып көптеген қызықты мағұлмат алды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.