5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиада
Жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Олимпиада 3 кезеңде келесідей пәндерден өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Мектепішілік кезең 23 қазанда, аудандық кезең 20 қарашада өтті. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша келесідей жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Қазақстан тарихы пәні бойынша: Жамбыл орта мектебінің 5 сынып оқушысы Боранбай Бибарыс 1 орын иеленді;
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша: Жамбыл орта мектебінің 5 сынып оқушысы Көбегенова Жазира-1 орын, Жамбыл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Кокаев Ерасыл-1 орын, Жамбыл орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аңсабай Альбина - 2 орын, Науырзым орта мектебінің 5 сынып оқушысы Болатұлы Ерасыл-2 орын;
Математика пәні бойынша: Тайшыбайқызы Жансая Науырзым орта мектебінің 6 сынып оқушысы-1 орын.
Жеңімпаздар олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды.