2021 жылдың наурыз айының 03-і күні аудандық балалар кітапханада өткен, VIII облыстық « Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауына «Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ-нен екі оқушы қатысты. Олар Сәлімкерейқызы Жансая мен Тайбағар Іңкәр.Конкурс ережіне сай қазақстандық авторлардың бірі Заря Әмірқызы Жұманованың «Ақбота» атты кітабынан, «Қант пен тұз» және «Қиын тапсырма» әңгімелерінен үзінділер оқылды.
Байқау мақсаты: қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықты ояту, оны жасөспірімдер ортасына жетелеу.
Байқау қортындысы бойынша екі оқушыда жүлделі орындарға ие болды.Бір оқушы облыстық байқауға жолдама алды. Байқау жайлы ақпаратты мына сілтемеден қарауға болады: naurzumskaia_biblioteka.