30 Сәу 2021
Жаңалықтар

«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивтік мінез-қылықтарың, буллингтің, кибербуллингтің және зорлық-зомбылықтын алдын алудың нысандары мен әдістері» тәрбие жұмысы бойынша аудандық семинар-практикумын өткізу туралы ақпар

2021 жылдың 28 сәуірі күні    Науырзым ауданының білім беру бөлімінің жоспары бойынша  Докучаев  жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивтік мінез-қылықтарың, буллингтің,  кибербуллингтің   және зорлық-зомбылықтын алдын алудың нысандары мен әдістері» атты  тәрбие жұмысы бойынша аудандық семинар-практикумы өткізілді.  Ұйымдастырушы : Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы  бiлiм бөлiмiнің Докучаев  жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Семинардың мақсаты: кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивтік мінез-қылықтарың, буллингтің,  кибербуллингтің   және зорлық-зомбылықтын алдын алу.

Семинарға Науырзым ауданының прокуроры Жүсіпов Т.С., аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, және аудан мектептерінің сынып жетекшілері қатысты.

Бағдарламаға сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар және сынып сағаттары өткізілді (практикалық бөлім):  « Бақытты болу үшін, заңмен достас!» 4 сынып, Жүсіпова К.К., «Өмір-керемет сый!» 5 сынып, Махметова Г.Р.,  «Біздің өмірімізде зорлық-зомбылыққа орын бар ма?» 8 сынып, Есімтаева

«Құқықтарына шек қою» 9 сынып, Едресова Э.Х.

Теориялық бөлімінде келесі тақырыптарда баяндамалар оқылды:

- Кәмелетке толмағандардың арасындағы аутодеструктивтік мінез-қылықтарының алдын алу. Науырзым ауданының прокуроры Жүсіпов Т.С.

-  Жасөспірімдердің арасында буллинг және зорлық-зомбылықтын алдын алу. Педагог - психолог  Сарбасова Г.К.

- Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу –әлеуметтік жұмыстын ерекше түрі.Әлеуметтік педагог Ахметов К.Т.

-Әлеуметтік желілерде  білім алушылардың кибербуллингі мен каупсіздігінің алдын алу. Бірінші  біліктілік санатты басшының орынбасары Омарова А.Ш.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.